• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

20.09.2019 ж.

Түсінік беру

Жас музыканттармен кездесу

19 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «ZhaSTAR» - «Жас Жұлдыз» қазақстандық–ресейлік жобасының 7-ші кездесуі өтті.

Кештің басты кейіпкерлері – Павлодар мен Новосібір облысының жас музыканттары – заманауи музыканың түрлі жанрларының өкілдері болды. Әділбеков Ерасыл – домбырашы, композитор, Павлодар музыкалық колледжінің, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, оңтүстік астанадан өзінің «Астар» этно-фьюжн тобымен келді. Ерасылдың авторлық «Көк бөрі» күйі ешкімді бей-жәй қалдырмады. Жетіген, соқпалы аспаптар мен қобыздың дыбыстары тоқтап, домбыра ойналғанда, көрермендер керемет қошемет көрсетті. Павлодарлық MOVSAR атты рэп әртісі көрермендердің Павлодарда рэп бағыты қалай дамып жатқандығын, өнердің кәсіптен айырмашылықтары туралы сұрақтарына жауап беріп, өз әнін айтты. Ресейлік қонақтар Петракова Софья мен Морозова Кристина көрермендерді романс пен джаз композициясымен қуантты, жобалары мен халықаралық байқауларға қатысқандары туралы әңгімеледі. Электр скрипкалармен заманауи, жігерлі әуенді кештің кейіпкерлері - «Viva Show» дуэті ойнады. Дуэт солистері - Якубинская Зоя мен Быкова Виктория - репертуарды таңдау туралы өз ойларымен бөлісті, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. «Dissonance» инди-рок тобының жетекшісі Санжар Жақупов бәрімен бірге музыканың адамға қалай әсер ететіндігін, мұңайған сәттерде қандай музыканы тыңдау керектігі туралы айтты. Кеш соңында Новосібір облысының Карасук қаласының  Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, облыстық кітапхана басшылығына алғыс хат табыстады.

Жас музыканттармен кездесу

Пікір қалдыру

Comments ()