• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

26.03.2019 ж.

Түсінік беру

«Көктемді қондырып қанатына» көрмесі

Облыстық кітапханада жарқын Наурыз мейрамына арналған «Көктемді қондырып қанатына» көрмесі ашылды. Келушілер назарына тарихы көне заманнан жалғасып келе жатқан мейрам туралы ақпарат беретін жүзден аса кітап ұсынылады. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» бөлімінде Наурыз тарихы – оның пайда болуы, Шығыс халықтарының өміріндегі маңызы жайында мәлімет берілген. «Наурыз - жылулық пен мейірімділік мерекесі» бөлімінің кітаптары елімізде Наурызды атап өту, мерекелік дастархан жаю, мейраммен байланыстырылатын салт – дәстүр туралы баяндайды. «Қазақтың қолөнері - төл өнері» бөлімінде қазақ халқының сәндік – қолданбалы қолөнері жайындағы әдебиет таныстырылған. Қазақтардың рухани мәдениетіне – әдет – ғұрып және салт - дәстерлерге, ұлттық ойындар, музыка өнеріне «Наурыз – жаңғырған салт-дәстүр, жыр әуен» бөлімі арналған. Көрме айдың соңына дейін жұмыс істейді.

«Көктемді қондырып қанатына» көрмесі

Пікір қалдыру

Comments ()