• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

08.05.2019 ж.

Түсінік беру

Жеңіс күніне арналған көрме

6 мамырдан бастап облыстық кітапханада Жеңіс күніне арналған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» көрмесі жұмысын бастады. Көрмеде қазақ және орыс тілдеріндегі жүзден аса басылымдар таныстырылған. «Ерлік даңқы өшпейді» бөлімінде оқырмандар Ұлы Отан соғысы тарихы, ұлы шайқастар, соғыс батырлары мен тыл еңбеккерлері туралы баяндайтын еңбектермен таныса алады. Павлодарлықтарға таныс «Боздақтар» және «Жеңімпаздар» да көрмеге қойылған. «Бессмертный книжный полк» бөлімінде соғысқа қатысқан авторлардың шығармалары қойылды. Бұл Б.Момышұлы, Б.Васильев, Қ.Қайсенов, К.Симонов, М.Ғабдуллин, Ю.Бондарев, Қ.Тоқаев, Д. Гранин, Қ.Исабаев, В. Астафьев, М.Әлімбаев, Ю.Друнина, Д.Снегина және т.б. кітаптары. «Соғыс жылдары жарияланған» бөлімі 1941-1945 жж. басылып шыққан облыстық кітапхананың сирек қорындағы кітаптарды таныстырады. Отан қорғаушылар күніне орай кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне арналған «Отанды қорғау – қасиетті парыз» бөлімін дайындады

Жеңіс күніне арналған көрме

Пікір қалдыру

Comments ()