• Мекенжай: Академик Марғұлан көшесі, 115 үй

    E-MAIL: kense.dk@pavlodar.gov.kz

    Телефон: +7 (7182) 61-61-99

    Сенім телефоны: +7 (7182) 62-54-10

10.04.2019 ж.

Түсінік беру

ҚАНЫШТЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛЫ

«Павел Васильевтің Музей-үйінде» ғалым-геолог, академик, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геология ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толуына орай ғылым шыңдарына өмір жолын ашатын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанның танымал жазушысы Медеу Сәрсекеев қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған көрнекті ғылым қайраткері өмірбаянының басты кезеңдерімен оқырмандарды таныстыратын көптеген кітаптар жазды.

Бұл 2002 жылы шығарылған «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары «Жизнь Замечательных Людей» сериясынан алынған кітаптың негізіне алынды.

«...Сәтбаев арқылы біз халқымыздың ұлы ұлын әлемге тағы да насихаттаймыз, оның өмірбаяны арқылы, оның еңбектері арқылы біз қазақ халқын насихаттаймыз- деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, төзімділік, кез келген құбылыстың құпиясын ашуға құмарлықпен ұмтылу, ғылыми шығармашылыққа құштарлық, сені ренжітіп немесе қайғыртқанды түсіну және кешіру қабілеті, сондай-ақ кез келген уақытта жақсылық жасауға дайын болу, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік.

Міне, жастарға пайдалы болатын ғалымның негізгі белгілері. Терең білімге ие бола, Қ. И. Сәтпаев қазақ фольклорын жинаушы А. В. Затаевичке 25 халық әнін сыйлады.

Қаныш Имантайұлы әдебиетті терең түсініп, білді. Ол Абай, Пушкин, Лермонтовты жатқа білді. Студенттік жылдары «Бастапқы алгебра» оқулығын қазақ тілінде жазды.

Музей келушілері ғалымның өмірбаянынан көптеген қызықты фактілерді білді.

ҚАНЫШТЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛЫ

Пікір қалдыру

Comments ()